Ауыл

Тасқопа мен Ақсайға газ барады

Ауыл тынысы

Өндірісті бұл өңір табиғи газдың игілігін көріп отыр. Қазір аудан тұрғындарының 82,7 пайызы көгілдір отынмен қамтылған.

Әрине, газ құбырының тартылуын күтіп отырған Алтықарасу, Қайыңды, Тасқопа, Ақсай сынды алыс ауылдар әлі де бар. Жақында соңғы екі ауылға газ баратыны белгілі болды. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте аудан әкімі Асқар Жүсібалиев: «Тасқопа, Ақсай ауылдарының газ құбырының құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынды» деп мәлімдеді.

А.ҚАЗЕКЕНОВ,

Темір ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button